Bek Air әуе кеңістігіне енді шыға алмайды

4008
Adyrna.kz Telegram

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) қазақстандық Бек Эйр әуекомпаниясынан ұшу кодын алып тастады. Тиісті хат оператордың веб-сайтында орналастырылған.

Құжатта компанияның осы кодты қолданбау себебін шектеу туралы «бұдан былай IATA-ның біліктілік талаптарына сәйкес келмейді» делінген. Онда "Біз сіздердің компанияның Жолаушыларға қызмет көрсету Конференциясының 762 Резолюциясы бойынша IATA талаптарына сәйкес келмейтінін өкінішпен хабарлаймыз. 

Бұл хат арқылы сіз IATA сіздің Кодыңызды қайтарып алғанынан ресми  хабардар болдыңыз. Бұл шешім күшіне енді. Сондықтан, сіздің компанияңыз Кодты қолдануды дереу доғаруы керек. Ал тиісті ұшу Коды осы хат жазылғаннан 60 күннен кейін талаптарға сай келетін басқа ұйымға берілетін болады. 

Егер сіздің компания IATA талаптарына сай келетін болса, 60 күннің ішінде қайта тексеру жүргізіліп, ұшу Коды сіздің компанияға қайтарылуы мүмкін", делінген.

Код қандай себеппен қайтарып алынды, нақтыланбаған.

IATA - әуе көлігі саласының мүдделерін білдіретін халықаралық үкіметтік емес ұйым. Компанияларға тағайындайтын кодтар олардың коммерциялық қызметінде қолданылады (мысалы, билеттерде тасымалдаушыны анықтау кезінде). Сондай-ақ, компаниялар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO, халықаралық әуе қозғалысын реттеушісі) техникалық мақсатта (мысалы, рейстерді диспетчерлеу кезінде) қолданылатын кодтарын алады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер