Тоқаев елшілерді тағайындады

3455
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның бірнеше елдегі төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды.  Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің өкімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Роман Василенко сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Енді ол Қазақстанның Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарады.

Нұрлан Сейтімов сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды. Мемлекет басшысының жарлығымен ол Қазақстанның Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Сонымен қатар, Тоқаевтың жарлығымен:

Қазақстанның Сингапурдағы төтенше және өкілетті елшісі Аркен Арыстанов Қазақстанның Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Қазақстанның Вьетнам Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Байжанов Қазақстанның Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер