Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңатастықтар қоныс тойын тойлады

3221
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Осындай бір қуанышты жаңалық облысқа қарасты Жаңатас қаласында болды.

ҚР Тәуелсіздік күні мен Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойына орай Жаңатас қаласында 120 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Сарысу ауданының оратылығы Жаңатас қаласындағы бос тұрған көппәттерлі үйлерді қалпына келтіру шарарлары жалғасуда. Бұл жолы қаладағы 1-шағын аудандағы 120 пәтерлі №9 көпқабатты үй қалпына келтіріліп, 120 отбасы баспаналы болды. Пәтер кілттерін табыстау салтанатына аудан әкімі Қанатбек Мәдібеков арнайы қатысты. Ол әлеуметтік жағынан аз қорғалған және жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған отбасыларды баспанамен қамту басты мақсат болып отырғанын жеткізді.

«Жыл санап дамып келе жатқан Жаңатасымыз үшін тұрғын үй мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Осы орайда, жарты ғасырлық тарихы бар қаламызда мемлекеттік бағдарламалар аясында көпқабатты тұрғын үйлер қайта жаңғыртылып, пайлануға берілуде. Жылдан-жылға қала тұрғындарының саны көбейіп, тұрғын үй кезегіндегілер саны да арта түсуде. Бүгінгі таңда, коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерден пәтер алу кезегінде 2 мыңға жуық адам тізімде тұр», - деді Қ.Мәдібек.

Аудан басшысы аудандағы пәтер кезегі мәселесін шешу, әсіресе жағдайы төмен отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылып жатқанын айтты. Биылғы жылдың өзінде үш үй пайдалануға беріліпті. Қанатбек Мәдібек аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, белгіленген құрылыс жұмыстарын сапалы атқарып, ел игілігіне ұсына білген «Ақорда корпорациясы» ұжымына және жалпы атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдірді.

Жаңа қонысқа кірген көпбалалы аналар қуаныштарын жасыра алмай аналарға ерекше көңіл бөлген аудан, облыс басшысына деген алғыстарын жеткізді.

Тәуелсіздік елең-алаңында тұрғындары жаппай көшіп, қаңырап қалған қала қайтадан түлеп жатыр. Бұған қалада жаңадан жұмыс орындары ашылып, тұрғындарға қолайды жағдай жасалғаны айрықша әсер етіп жатыр.

«АДЫРНА»

ұлттық порталы

 

 

Пікірлер