Мемлекеттік қызметкерлерге смартфон ұстауға рұқсат берілді

3681
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласындағы  Министрліктер үйінің қызметкерлеріне ғимаратқа смартфондар әкелуге рұқсат етілді.  Бұл ақпаратты Президент әкімшілігі растады.

Министрліктер үйінде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлер енді смартфондарын жұмыс орындарында қайтадан пайдалануға рұқсат алды.    Министрліктер ғимаратында еліміздегі министрліктердің орталық аппараттары жұмыс істейді.

Бұған дейін де Үкімет мемлекеттік қызметкерлерге смартфондарын пайдалану құқығын қайтаруды қолдаған болатын. Бұл туралы ақпаратты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев «мемлекеттік орган орналасқан мекеме иелері полициямен бірлесіп қажетті нұсқаулыққа қол қоюы қажет. Сол уақыттан бастап, мемлекеттік қызметкерлер сол ғимаратта смартфон қолдана берсе болады. Ақпараттық қауіпсіздік әлбетте толығымен мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік морган басшылығының жауапкершілігінде», - деп  атап өткен еді.

Негізінен, смартфондар, планшеттер, смарт сағаттарды үкімет ғимараттарында пайдалануға тыйым салу 2016 жылдың наурыз айында енгізілді.  Бұл шара мемлекеттік қызметкерлердің мобильді құрылғыларды қызметтік мақсаттарда белсенді түрде пайдалануына және WhatsApp желісі арқылы ресми ақпараттардың таралып кету деңгейінің өсуіне байланысты енгізілді.

Ендігі кезекте мемлекеттік қызметкерлерге «қоңырау / жауап / SMS» функциялары бар, бірақ интернет модульдерімен, камералармен және бейнекамералармен жабдықталмаған мобильді құрылғыларды пайдалануға рұқсат етілді.

Пікірлер