Бесқарағай колледжінде «#LATYNNEWS» ТИМБИЛДИНГІ өтті

2240

2019 жылдың 26 қарашасы күні тілдерді оқыту орталығы «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында жаңа қазақ әліпбиін насихаттау мақсатында «Бесқарағай колледжі» КММ-нің қызметкерлерімен «#LATYNNEWS» тимбилдингін өткізді.
Тимбилдинг «Сергіту сәті», «Су-ли-фа», «Әріптер», «Зерек бала» және «BINGO» кезеңдерінен құралды. Қатысушылар тимбилдинг тапсырмаларын өзара екі топқа бөлініп орындады. Қызықты ойынға қызыға, әрі бар ынталарын салып ойнаған Бесқарағай колледжінің оқытушылары жаңа әліпбиде жаңылпаштар оқып, шатасқан әріптердің дұрыс орнын тауып, эстафета тапсырмаларын жылдамдыққа ойнауда сыналды. Соңғы кезеңде қатысушылар «BINGO» лоторея ойынының желісі бойынша ойын ойнап, тапқырлықтары мен төзімділіктерін ұштай түсті.
Тимбилдингтің нәтижесі бойынша достық жеңіп, қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket