Мағжан Жұмабаевтың ішігі табылды

2842
Adyrna.kz Telegram

Қасқыр ішіктің бүгінгі иесі, Көкшетау қаласының тұрғыны Бәтима Аяғанова Қарағанды мұға­лім­­дер институтын 1951 жы­лы бітірген. Ғұмырының 52 жылын білім саласына арнаған ұлағатты ұстаз өз әулетінде 30-жылдардан бері сақталып келе жатқан қас­қыр ішікті қымбат жәдігеріне са­найды.  

Ел-жұртқа ертерек та­ныстырмағанының сырын аманат жүгінің ауырлығымен түсіндіреді.
Салмақтап көрдік, зілдей ап-ауыр екен. Желбегей жамылуға да рұқсат берілді. Апайдың айтуына қарағанда, жеті қасқырдың терісінен тігілген. Жоны қара қыл­­шықтанған, түгі мен түбіті сол қалпы сақ­талған, сырты қалың, мықты шұғамен қапталған өнер туындысы дерлік. Шалғайы мол пішілген, қолтығы кең, жағасы ойықталып, мойын мен басты тұтас жабатын көл-көсір дүние. Илеуі әбден қандырылған ішік қабырғаның жасауын жарқыратып тұр. Қаншама уақыт өтсе де, өңін жоймаған. Түз тағысының қасиеті де мықты-ау.
Бұл ішіктің тарихы да терең. Бәтима Әшір­бекқы­зының әкесі Әшірбек ата қазіргі Солтүстік Қазақ­стан облысының Уәлиханов ауда­нының аумағындағы Үлкен Қараойдың маңында 1883 жылы дүниеге келген. Анасы Шәкира Әубә­кірқызы Кіші Қараойдың қызы. Анасының інісі, яки наға­шысы Жақия Әу­бә­кір­ұлы заманында Омбы қаласында білім алған. Кейін Бестөбенің маңайын­дағы Қы­зылқақ ауылында мұғалім болып еңбек етіпті. Бұрынғылардың айтуына қарағанда, жыр алыбы Мағжанмен әкесі де, нағашысы да дос-жар болса керек. Бәтима Әшір­бекқызының білетіні, көзі ашық, көкірегі ояу, жақ­сылармен көп дәмдес, пікірлес болған, бір-біріне шуақ-шара­паты тиген әкесіне осы жәдігерді әйгілі ақын Мағ­жан Жұмабаев сыйлаған екен.
Сол кездері Кіші Қараой тө­ңі­­­­­­­ре­гінде Кенетай есімді он саусағынан өнер тамған айтулы шебер болыпты. Қасқыр ішікті сол Кенетай шебер тіккен. Кейін арада талай жылдар өткен соң Бәтима Әшір­бекқызының жолдасы, Ұлы Отан соғысының ар­да­гері Қайырбек Хасенов Алматы қала­сындағы жоғары партия мектебін бітіріп келіп, Қызылту ауданының «Херсон» кеңшарына партком хатшысы болып тағайын­далады. Осы бір қуаныш­қа Бә­тима Әшірбекқызының әкесі, яғни, қайын атасы: «Менің шаңы­рағым­дағы ең қымбат мүлкім, Алаштың айтулы ақыны, жыр әлемінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтан қалған жәдігер», деп сыйға тартса керек. Содан бері үйдегі төрт құлақты абдырада сақ­талыпты. 


 
Пікірлер