Белгілі қазақстандық қытайтанушы Константин Сыроежкин 10 жылға сотталып, арнайы режимдегі колонияда айыбын өтейді. Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін азаматтықтан айырылды. Бұл туралы құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов өзінің Facebook парақшасында жазды деп мәлімдеді "Фергана" ақпарат агенттігі.
«Сот жабық өтті (...) К.Л. Сыроежкин кінәсін мойындамай, барлығын биліктің ар-ожданына тапсыратынын мәлімдеді және апелляция беруден бас тартты » делінген жазбада.
Ферганаға берген түсініктемеде Ағелеуов сот туралы үкімді «оған жақын адамдардан» білгенін және бұл дереккөздер «дәл» болғанын айтты. Оған үкімнің мәліметтері белгісіз. «Дабылды қағып, бұл істің жария етілуін талап ететін кезде барлығы үнсіз қалды. Қазір уақыт жоғалттық », - деп атап өтті құқық қорғаушы.
Оның айтуынша, енді үкімнің егжей-тегжейін білу үшін адвокатпен және Сыроежкиннің туыстарымен кездесіп, соған байланысты ғалымды қалай қорғау жайлы ақылдаспақ.
Константин Сыроежкин - Қазақстандағы қытайтану саласындағы жетекші маман, саясат ғылымдарының докторы және Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері. Ол Қытайды зерттеу бойынша Қазақстан Республикасының көптеген ғылыми жобаларының жетекшісі және кеңесшісі болды.
"Ферғананың" ақпарат көздері оның осы жылдың ақпан айынан бері журналистермен байланысын тоқтатқанын мәлімдеді. Қыста Сыроежкин,белгілі қазақстандық маман ретінде, «Қазақстандағы қытайтану: жағдайы және болашағы» конференциясына қатысуы керек еді, бірақ белгісіз себептермен көпшілікке көрінбеді.
Мамырдың басында оны арнайы қызмет ұстағандығы туралы қазақстандық және шетелдік БАҚ хабарлады. Сонымен бірге, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғалымның осы жылдың қаңтарында ұсталып, 19 ақпанда қамауға алынғанын растады.
"Адырна" ұлттық порталы