Қазақстанның халық артисі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Халық Қаһарманы» Нұрғиса Тілендиевтің көзі тірісінде қолынан тастамай, қастерлеп өткен домбырасын отбасы мүшелері Ықылас атындағы музыкалық халық аспаптар мұражайына салтанатты түрде тапсырды.
- Мұражайдың директоры міндетін атқарушы Ерлікбай Әлімқұлов телефон шалып, «Нұрағаңның суреті тұр, бірақ домбырасы жоқ» деп хабарласқанда жүрегім қатты ауырып кетті. Жалпы, Нұрағаңның жақсы көріп тартатын үш домбырасы болатын. Ол кісі аспаптарын көп ауыстыра бермейтін. Академик Ахмет Жұбанов сыйлаған бірінші домбырасын «Дариға» деп атады. Ол үйде тұр.
«Сұлтанын» Атырау облыстық Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы ашылғанда ұлтжанды азамат Иманғали Тасмағамбетов сұратып алдырған.
Бермей қоюға қақым жоқ еді. Ал үшінші домбырасын күнделікті жұмыс үстінде жиі пайдаланатын. Сол қос ішек талай майталмандардың мұрасын тоғыстырған осы киелі мұражайға бұйырып тұр екен. Қимай-қимай әкелдім. Нұрағаңның жәдігерін халық көрсін, қызықтасын, ел-жұрттың көз алдында болсын, — деді Дариға Тілендікеліні.
Шара соңы «Күмбірлеп домбырасы Нұрағаңның» атты музыкалық кешке ұласты.
Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ, «Айқын».