Ирактағы наразылықтар кезінде кемінде жүз адам мерт болған

1781

Иракта билікке қарсы акциялар кезінде бір аптаға жетпейтін уақыт ішінде 104 адам қаза тауып, 6107 адам жараланған. Бұл туралы Ирак ішкі істер министрлігі хабарлады. Мекеменің баспасөз хатшысы Саад Маанның айтуынша, зардап шеккендердің 1200-і – қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері.

Маан қаза тапқандар арасында қауіпсіздік күштерінің сегіз қызметкері бар деп айтты. ІІМ баспасөз хатшысының мәліметінше, наразылар 51 қоғамдық ғимарат пен саяси партиялардың сегіз штаб-пәтерін өртеген.

Қазанның 1-і күні басталған жастар наразылығына мұнайға бай мемлекеттегі жемқорлық, жұмыссыздық пен қоғамдық қызмет сапасының нашарлығы себеп болды. Ел астанасы Бағдат пен тағы бірнеше қалада қарсылық акциясына шыққандар елді жайлаған жемқорлықты жойып, үкіметті ауыстыруды талап етті. Наразылық шерулерінің соңы қақтығыстарға ұласып, қантөгіске әкелген.

"Азаттық" радиосы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket