Ажал терезесі. Қарағандыда үшінші қабаттан құлаған үш жасар бала қаза болды

567
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/6e186bd7-1294-45d9-828b-5ce807781c48-960x500.jpeg?token=4c3df8c55f79956f303b187d90f1d30c

Қарағандыда терезеден құлаған үш жасар бала ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бала алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, алайда оның өмірін құтқару мүмкін болмады», -деді бүгін басқарманың баспасөз қызметі.

2022 жылы туған бала 9 маусым күні терезеден құлап кеткен.

Айта кетейік, жыл басынан бастап балалардың терезеден құлауына байланысты 60 жазатайым оқиға тіркелген. Бес бала оқиға орнында қайтыс болды, 55 бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілген.

Комментарии