Террористік шабуылдан кейін. Үндістан су келісімін тоқтатып, шекараны жапты

885
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Үндістан мен Пәкістан шекарасындағы Аттари біріктірілген бақылау-өткізу бекеті жабылатын болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл шешім Кашмирдің оңтүстігінде орын алған терактіден кейін қабылданғанын Үндістанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Times of India басылымының жазуынша, шешім дереу күшіне енеді. Шекараны жарамды құжаттармен кесіп өткен Пәкістан азаматтары 2025 жылдың 1 мамырына дейін осы маршрут арқылы кері оралуына рұқсат етіледі.

Айта кетейік, Үндістан мен Пәкістан арасындағы саяси шиеленістерге байланысты екі елдің арасында ресми шекаралық өткелдер саны шектеулі, соның ішінде ең маңыздысы – Аттари бекеті.

Терактіден кейін Үндістан бірнеше қосымша санкциялар енгізді.

Инд өзені туралы 1960 жылғы келісім тоқтатылады. Бұл келісім Пәкістанға су ресурстарын тұрақты түрде пайдалануға мүмкіндік беріп келген. Енді келісім тек Пәкістан трансшекаралық терроризмнен анық әрі қайтарымсыз түрде бас тартқан жағдайда ғана қайта жандандырылады.

Пәкістан азаматтарына СААРК аясындағы визасыз кіру тәртібі тоқтатылады. Бұған дейін SPES визасы бойынша берілген барлық визалар жойылды. Қазіргі уақытта Үндістанда SPES визасымен жүрген Пәкістан азаматтарына елден 48 сағат ішінде кету талап етіледі.

Пәкістанның Жоғарғы комиссиясындағы қорғаныс, әскер, теңіз және авиация бойынша кеңесшілер «персона нон грата» деп жарияланды. Олар Үндістанды бір апта ішінде тастап кетуі тиіс.

Үндістан да өз кеңесшілерін Исламабадтағы Жоғарғы комиссиядан кері шақырады. Тиісті лауазымдар жойылады.

Еске сала кетейік, Үндістанның Байсаран аңғарында лаңкестік шабуыл жасалды. Салдарынан 27 адам қаза тауып, тағы 12 адам жараланған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер