Кашмирдің оңтүстігінде лаңкестік шабуыл жасалды. Кем дегенде 27 адам қаза тапты

1134
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/image-15-960x500.jpg?token=19c127ff5f911f62374f51de98c40640

Үндістанның Байсаран аңғарында лаңкестік шабуыл жасалды. Куәгерлердің айтуынша, камуфляж киген екі қарулы адам туристерге оқ жаудырған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Үндістан телеарнасына сілтеме жасап.

Олар атпен серуендеп жүрген туристерге бағытсыз оқ атқан.

News18 India телеарнасының хабарлауынша, шабуыл жасағандардың «Лашкар-е-Тайба» ұйымымен байланысы болуы мүмкін.

Оқиға салдарынан кем дегенде 27 адам қаза тауып, тағы 12 адам жараланған. Дәрігерлердің мәліметінше, жараланғандардың жағдайы тұрақты.

Жараланғандардың тізімі бойынша, олардың барлығы Үндістан азаматтары екені белгілі болды.

Аймақ басшысы Омар Абдулланың айтуынша, қаза тапқандардың нақты саны әзірге ресми түрде расталмаған. Қазір өңірде лаңкестерге қарсы арнайы операция жүргізілуде. Қанды оқиға туристер көп жиналатын Пахалгам қаласында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қарулы содырлар топтанып бейбіт халыққа оқ жаудырған. «Бұл соңғы жылдардағы бейбіт тұрғындарға жасалған ең ірі шабуыл,» – деп жазды Омар Абдулла әлеуметтік желідегі парақшасында. Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Пахалгамдағы терактіні қатаң айыптап, қаза болғандардың отбасына көңіл айтты және жараланғандарға тез сауығып кетуді тіледі. «Бұл жантүршігерлік әрекетті ұйымдастырғандар жауапсыз қалмайды! Біз терроризмді түп-тамырымен жоюға бел буып отырмыз», – деп мәлімдеді Моди әлеуметтік желідегі үндеуінде. Үндістанға сапарлап барған АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс те үнді халқына қайғырып көңіл айтты.
Комментарии