Қазақстан Ауғанстанда теміржол салуға 500 млн доллар бөлмек

861
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Ауғанстанда теміржол салуға 500 миллион доллар инвестиция салуға дайын. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Кабулда Ауғанстанның экономика жөніндегі вице-премьері Абдул Ғани Барадармен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Жоба Ауғанстанның солтүстігіндегі Торгунди қаласынан Гератқа дейін (одан әрі елдің оңтүстігіндегі Спин-Болдакқа дейін) теміржол бағытын тартуды көздейді. Сондай-ақ, Қазақстан бұл жобаны ілгерілету үшін Герат қаласында көлік-логистикалық компания құруды жоспарлап отыр.

Серік Жұманғарин Кабулға 21 сәуір күні Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумына қатысу үшін барды. Қазақстан Премьер-министрінің баспасөз қызметі Жұманғарин мен Абдул Ғани Барадардың кездесуіне арналған баспасөз хабарламасында теміржол жобасына инвестиция салу туралы мәліметті таратпаған. Бірақ қазақстандық бизнес өкілдерінің Ауғанстандағы пайдалы қазбалар кен орындарын барлауға қызығушылық білдіріп отырғанын атап өткен.

«14 сәуірде Ауғанстанға Қазақстаннан геологтар мен инженерлерден құралған мамандар тобы келді. Олар Ауғанстанның Тау-кен өнеркәсібі және мұнай министрлігінің қолдауымен бірнеше кен орындарын аралады. ҚР Индустрия және құрылыс вице-министрі Иран Шарханның айтуынша, мамандар Нұрыстан провинциясындағы бериллий, қорғасын және мырыш кездесетін болуы мүмкін перспективті кен орындарынан 130 кг кен үлгісін жинаған. Енді бұл үлгілер тереңірек зерттеу үшін Қазақстанға жөнелтіліп, зертханалық талдаудан кейін қазақстандық тарап кен орындарын игеру бойынша толыққанды келіссөздерге дайын болды», – делінген хабарламада.

Тараптар өзара сауда айналымын 3 миллиард долларға дейін ұлғайтуға және Кабулда Қазақстан сауда үйін ашуға уағдаласты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер