Путин АҚШ-қа Украинадағы ұрыс қимылдарын тоқтатуды ұсынды

713
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Риа Новости
Сурет: Риа Новости

Ресей президенті Владимир Путин сәуір айының басында Дональд Трамптың өкілі Стив Уиткоффпен кездесуде АҚШ-қа Украинадағы ұрыс қимылдарын қазіргі майдан шебі бойымен тоқтатуды ұсынды. Бұл туралы Financial Times басылымы бірнеше дереккөзге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кездесу барысында Путин Мәскеу қазіргі уақытта Киевтің бақылауындағы Украина аймақтарына қатысты кейбір аумақтық талаптарынан бас тартуы мүмкін екенін де мәлімдеді. Бұл — соғыс басталғалы бері Ресейдің өз максималистік ұстанымдарынан бас тартуға дайын екендігін білдіретін алғашқы ресми ишара ретінде қарастырылып отыр.

Алайда еуропалық шенеуніктер бұл ұсынысты сақтықпен қабылдауда. Олар Путиннің бұл әрекетін Трампты Ресейдің басқа талаптарын қабылдауға көндіріп, оларды Украинаға күштеп таңу үшін жасалған айла болуы мүмкін деп санайды.

Сондай-ақ, Ақ үй Стив Уиткоффтың осы апта соңында Ресейге тағы бір сапар жасайтынын ресми түрде растады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер