Жүк тасымалдаушылардың назарына!

2854
Adyrna.kz Telegram

Құрметті халықаралық қатынастағы жүк тасымалдаушылары!
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) кәсіпкерлікті қолдау шеңберінде әкімшілік кедергілерді барынша қысқартты, халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыруға автокөлік құралына (бұдан әрі – КҚ) рұқсат беру карточкаларын беру рәсімдері жеңілдетілді.
Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын алу үшін: «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elincense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтінім беру мүмкіндігі көзделген.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 3 жұмыс күні.
Осыған байланысты тасымалдаушыларды делдалдардың қызметтеріне жүгінбеуге және рұқсат карточкаларын және тиісінше шетелдік рұқсат бланкілерін (бұдан әрі – рұқсат), оның ішінде Қытай «С» түріндегі рұқсатты тікелей алуға шақырамыз»!
Министрліктің Көлік комитеті (бұдан әрі – Комитет) теріс пиғылдағы «тасымалдаушылардың» - делдалдардың автомобиль туралы жалған мәліметтер берген схемасын анықтады, олар халықаралық жүк тасымалдауға арналмаған КҚ Мемлекеттік корпорация арқылы рұқсат карточкаларын алған және тиісінше, олардың негізінде құны 1 АЕК-ті құрайтын шетелдік рұқсат бланкілерін үшінші тұлғаларға сатудан кей жерлерде 100-200 АҚШ долларға дейін заңсыз пайда тапқан. Бұл рұқсаттардың жасанды тапшылығына және әртүрлі алаяқтық әрекеттердің пайда болуына әкеп соқты.
Қазіргі уақытта Комитет халықаралық жүк тасымалдауға арналмаған КҚ электрондық беру жүйесінен алып тастау бойынша шұғыл шаралар қабылдады. Бүгінгі күні 46 «тасымалдаушылар» жалған мәліметтер берген 1200-ге жуық көлік құралы белгілі болды.
Бұл мәселе Министрлік басшылығының тұрақты бақылауында тұр және халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыруға арналмаған КҚ анықтау бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
Бұдан басқа, Аумақтық көліктік бақылау инспекцияларына Комитетпен КҚ мемлекеттік нөмірлерін мемлекеттік органдардың тиісті деректер базасымен салыстыруды жүзеге асыру қажеттілігі туралы нұсқау жіберді.
Халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыруға арналмаған автомобильдер туралы мәліметтерді ұсыну фактілері анықталған жағдайда карточкаларды беру шектелетін болады.
Бүгінгі күні тасымалдаушылардың көрсетілген мемлекеттік қызметті алуының оңтайлы болуы үшін барлық жағдайлар жасалған, тіркелген жері бойынша кез келген жақын жерде орналасқан Мемлекеттік корпорацияға немесе www.egov.kz, www.elincense.kz порталы арқылы қашықтықтан жүгіне аласыз.
Делдалдардан тәуелсіз және сақ болыңыз.

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер