12 сәуір күні Атбасарда жол-көлік оқиғасы орын алып, төрт адам жарақаттанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Mercedes көлігі жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.Көліктің астында екі ересек адам мен екі бала қалған. Олар жол апаты болған ауданның тұрғындары екені анықталды.
Зардап шеккендердің арасында алты жастағы бала бар. Ол басынан жарақат алып, жансақтау бөліміне түскен.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі оқиға туралы Instagram-дағы жазбаға пікір ретінде жауап беріп, 12 сәуір күні Атбасарда жол-көлік оқиғасы болғанын растады.
«Жол апаты салдарынан төрт жаяу жүргінші түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жатқызылды. Қылмыстық іс қозғалды. Қазір алдын ала тергеу жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деді полиция өкілдері.