Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттердің аумақтық тұтастығына құқығы туралы сөздерімен келіспейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол «Коммерсантъ» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Талқылау Қазақстан басшысының «егер ұлттардың өзін-өзі билеу құқығы идеясын басшылыққа алатын болсақ, әлемде көптеген өңірлік қақтығыстар басталады» деген мәлімдемесіне қатысты болды. Лавровтың айтуынша, Тоқаев тек мемлекеттердің аумақтық тұтастық құқығын ескереді.
«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сол сөзін есімде сақтап қалдым. Мен онымен

Ол БҰҰ Жарғысында халықтардың өзін-өзі анықтау құқығы да көрсетілгенін атап өтті.
«Аумақтық тұтастық құқығы, үкіметі сол аумақта тұратын барлық халықты өкілдік ететін елдерге ғана қатысты қолданылады», — деді Лавров.