Бес жастағы қыздың өлімі. Алматы әуежайының үстінен сотқа арыз түсті

924
Adyrna.kz Telegram

Алматы халықаралық әуежайына қатысты 5 жастағы Инсаф есімді қыздың өліміне байланысты сотқа талап арыз берілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Марқұм бүлдіршіннің отбасын қорғаушы адвокат Дәнілхан Шағатаевтың айтуынша, Нью-Делиден Air Astana рейсімен келген қыз ауыр хәлде болғанына қарамастан, әуежайда жалпы тәртіп бойынша паспорттық бақылаудан өтуге мәжбүр болған. Сонымен қатар, оған қажетті арнайы жедел жәрдем көлігі емес, мүгедектерге арналған арба ұсынылған.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың қаңтар айында орын алды. Инсаф ата-анасы және реаниматолог дәрігермен бірге ұшып келген. Ұшу барысында ол оттегімен, арнайы медициналық жағдайда тасымалданған. Алайда Алматы әуежайына қонған соң, арнайы реанимобиль кіре алмай, оған рұқсат берілмеген. Сол себепті, қыз амбулифт арқылы ұшақтан терминалға жеткізілген. Бұл құрылғы мүгедек жолаушыларға арналса да, ауыр хәлдегі баланы тасымалдауға бейімделмеген.

Адвокаттың айтуынша, әуежайдағы жағдай ұшуға дейінгі дайындыққа мүлдем қайшы болған. "Бала арнайы медициналық бақылау арқылы емес, әдеттегі жолаушылар секілді паспорттық тексерістен өтті", – деді ол.

Ұшудан кейін Инсаф қос өкпесінен пневмоторакс алып, жансақтау бөліміне түсті. Өкінішке қарай, 9 ақпанда көз жұмды.

Түрксіб аудандық соты баланың отбасынан түскен талап арызды қабылдап, азаматтық істі қарауға дайындауды бастады.

Air Astana компаниясы өз тарапынан әуежай қызметтерін алдын ала ескерткені туралы мәлімдеді. Ал әуежай өкілдері мүгедек арба әкелінгенін түсіндірмегенімен, жедел жәрдем көлігін шақыруды ұсынғандарын, бірақ ата-анасы бұл ұсыныстан бас тартқанын алға тартты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за 7 дней! Если по утрам съедать 2 зубчика простого…
Пікірлер