Алматы облысында мешіт маңынан жігіттің мәйіті табылды

533
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласындағы мешіттің маңынан жас жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желілерде 29 наурызға қараған түні мешітке жақын жерде жас жігіттің қаза тапқаны туралы ақпарат тараған. Алматы облыстық полиция департаменті бұл мәліметті растады.

Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, қазіргі уақытта қылмысқа күдікті тұлға анықталып, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

“Оқиғаның мән-жайы анықталып, барлық қатысушылар мен куәгерлерден жауап алынып жатыр. Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп хабарлады департамент өкілдері.

Полиция бұл істің облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті. Құқық қорғау органдары оқиғаның толық мән-жайын анықтап, тергеу нәтижелері бойынша қосымша ақпарат беретінін мәлімдеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер