Бүгін Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты жаңа мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
ҚМА есебінде 2025 жылдың 14 наурызында Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның әрекеттері келесідей дәрежеде деп көрсетілген:
"Оларға алаяқтықтың аса ірі көлемде жасалуына және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыруға күдікті деп танылды".
Перизат Қайрат 2021-2024 жылдар аралығында қайырымдылық көмек көрсету мақсатында халықтан ақша жинаған. Оның айтуынша, бұл қаражаттар мұқтаж балаларға, Палестина және су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жұмсалмақ болған.
Тергеу амалдарының нәтижесіне сай, жалпы ұрланған қаржы көлемі 3,5 млрд теңгені құрады.
Перизат Қайрат "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қорына түскен қаражатты өз жеке және анасы Ғайни Алашбаеваның есепшоттарына аударып, кейін оларды зергерлік бұйымдарға, киім-кешекке, жиһаз бен саяхаттарға, жөндеу қызметтеріне, автокөлік жалдау және басқа да шығындарға жұмсаған.
Еске салсақ, 2024 жылы 1 сәуір мен 15 қараша аралығында Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" ҚҚ-ның есепшотына 2,8 млрд теңге жиналып жымқырылғаны анықталды.
"Қылмыстық табысты жымқыру мақсатында ол 16 серіктес жеке кәсіпкерлермен металдан жасалған киіз үйлер, қайықтар, етіктер және басқа да заттарды жеткізу жөнінде жалған келісімдер жасасқан. Алайда бұл келісімдер іс жүзінде орындалмаған”, делінген ҚМА баспасөз қызметі хабарламасында.