Депутат Перизат Қайратқа алданғанын айтты

1503
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/perizat-қajrat-960x500.png?token=c7fe894a0d58ba599686638229e6fa5a
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев қайырымдылықпен айналысқан Перизат Қайратқа  алданып қалғанын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Alash.kz-ке сілтеп. 
“Менімен амандасып, сәлеміміз түзу болатын. Перизатпен де бір-екі жағдай болып қалды. «Aqyl Battle CUP» жобасы ашылып жатқан кезде жеңімпаздарды марапаттаған пост салдым. Сол кезде Перизат пост астына пікір жазды. Онда ол жеңімпазға менен бір сыйлық болсын деп Дубайға жолдама сыйлайтын болған”, - дейді Мұқаев.
Алайда депутат Мұқаев уәде еткен жолдаманы да, Перизат Қайратты да  таппай қалғанын жасырмады. Дәулет Мұқаевтың сөзінше, ол түрлі сылтау айтқан.
“Сонымен Дубайға апарар жолдама жоқ болды”, дейді Дәулет Мұқаев.
Комментарии