Иран АҚШ-пен ядролық бағдарлама бойынша тікелей мәміле жүргізуден бас тартады. Бұл туралы 30 наурызда ел президенті Масуд Пезешкиан мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Мемлекет басшысы Иран ешқашан келіссөздерден жалтармағанын, ал бос уәделер түрлі мәселеге әкеліп соққанын атап өтті.
«Тегеран ешқашан келіссөздерден қашқан емес, ал кейінгі мәселелерге АҚШ-тың өз міндетін орындаудан жалтаруы себеп болды. Тараптар арасындағы сенімді қалпына келтіру үшін олар шешілуі керек»,—деді президент.
Бұған дейін АҚШ басшысы Дональд Трамп Иран президентіне ядролық бағдарлама бойынша келіссөз жүргізу туралы ұсыныс тастаған еді. 28 наурызда Ақ үй басшысы «Иран АҚШ-пен ядрлық бағдарлама бойынша тіл табысуға ұмтылмаса, мұның салдары ауыр болады» деген мәлімдеме жасады.