Бүгін Сенаттағы жұмыс тобының отырысында «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңға енгізілетін түзетулер талқыланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Енді елімізде бет-жүзді жауып тұратын маска, балаклава немесе киім элементтерін киюге тыйым салу ұсынылуы мүмкін.
«Бұл шара қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтардың санын азайту, бет-әлпетті тану құралдарының тиімділігін арттыру, қылмыстардың алдын алуға мүмкіндігін күшейтетін болады»,–деді сенатор Наурызбай Байқадамов.
Айта кетейік, бұл шектеу заң талаптарын орындау мақсатында, қызметтік, медициналық мақсаттарда, ауа-райына байланысты немесе спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу кезінде киетін адамдарға қолданылмайды.