Өзбек президенті келіп кеткен соң. Досаев екі апта сайын Тоқаевқа есеп беріп отырады

650
Adyrna.kz Telegram
Фото informburo.kz
Фото informburo.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев шаһардағы жарықтандыру, абаттандыру және сумен жабдықтау мәселелеріне байланысты екі аптада бір рет президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп беріп отырады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, Алматы әкіміне еліміздің ең ірі қаласының қаржы, спорт, туристік әрі мәдени хабыретіндегі мәртебесін нығайту және тиісті тәртіпке келтіру үшін басқару қызметін күшейту тапсырылған.

«Мемлекет басшысы "Таза Қазақстан" акциясын тұрақты әрі өз деңгейінде өткізудің, қаланы көгалдандырудың, экологиялық ахуалды жақсарту үшін көлік қозғалысын реттеудің, сондай-ақ, алматылықтарды алаңдататын басқа да мәселелерді шешудің маңызын атап өтті. Қала әкімі Президентке жүргізілген жұмыстар және қабылданған шаралар туралы екі аптада бір рет баяндап отырады»,- деді ол.

29 наурыз күні Алматыға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзёёв сапарлап, Қазақстан президенті оған қаланың көрікті орындарын көрсеткен. Соның салдарынан Алматыда көшелер жабылып, көпшілік әдеттен тыс көбірек көлік кептелісінде тұрып, әлеуметтік желіде шағынған жазбалар жарияланған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер