Аудандық кітапхана мен Қазталов мектеп-лицейі заман талабына сай жабдықталды

535
Adyrna.kz Telegram

Қазталов аудандық кітапханасы «Qazaqstan halqyna» және «Tana» қоғамдық қорларының есебінен заман талабына сай жабдықталды. Қайта жаңғырудан өткен кітапхананың ашылу салтанатына «Qazaqstan halqyna» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Чинкисбаева, басқарма төрағасының орынбасары София Айсағалиева, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, «Тana» қоғамдық қорының басшысы Камила Лұқпанова, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Шолпан Оразаева, кәсіпкер, inDrive халықаралық сервисінің негізін қалаушы және бас директоры Арсен  Томский қатысты.

Салтанатты іс-шарада сөз алған Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов өңірімізде «Qazaqstan halqyna» қоғамдық әлеуметтік қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

— Казталов аудандық кітапханасының жаңғыруымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Біздер үшін ағартушылық жұмыстың маңызы зор. Ұрпағымыздың саналы, даналы болуы біліммен, іліммен тығыз байланысты. Кітапхана – рухани орталық. Казталов аудандық кітапханасын мемлекеттің қолдауымен күрделу жөндеуден өткен болатын. Бүгін «Qazaqstan halqyna» қоғамдық әлеуметтік қоры мен «Тana» қоғамдық қорының бастамасымен кітапхана қайта жаңғыртылып отыр. Сонымен қатар Казталов мектеп-лицейі 250 млн теңге қаражатқа жабдықталды. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмаларының ауылдық жерде жүзеге асырылуының айқын көрінісі. «Qazaqstan halqyna» қоғамдық әлеуметтік қоры 2022 жылдан бері облысымызға 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Сондай-ақ қордың бастамасымен кітапханаларды жаңғырту жұмыстары республика бойынша алғаш рет Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып отыр. Казталов аудандық кітапханасы қайта жаңғыртылған 13-ші кітапхана. Жалпы облысымыздың 12 ауданындағы кітапханаларды қордың қолдауы арқылы заман талабына сай жабдықтармен, кітаптармен қамтылды,  — деді облыс әкімінің орынбасары.

«Qazaqstan halqyna» қоғамдық әлеуметтік қоры адамдарға атаулы көмекпен қатар, халық топтарына жүйелі көмек көрсетеді. Жүйелі көмек аясында халық топтарының өмірін жақсартуға бағытталған даму бағдарламалары жүзеге асырылады, соның ішінде балаларға арналған спорттық және білім беру инфрақұрылымын, сондай-ақ басқа да әлеуметтік маңызды қызметтерді дамытуға және қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу бағыты қарастырылған. Осы бағыт бойынша ауданымызда Казталов, Ақпәтер, Жалпақтал ауылдарындағы кітапханалар мен Казталов мектеп-лицейі заман талабына сай жабдықталды.

— Барлығымыз ауылда туып, ауылда өстік. Өздеріңізге белгілі 2022 жылдан бері Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Qazaqstan halqyna» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылды. Еліміздегі ірі компаниялар қорға қаржы аударып,бүгінде қаржы әлуеуметтік көмек көрсетуге және 100-ден астам әлеуметтік маңызы бар жобаларға бөлініп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында:  «Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», — деген болатын. Ал кітапханаларымыздың заманауи үлгіде жабдықталуы оқырманның қызығушылығын арттырып, кітап оқу мәдениетінің қалыптасуына зор септігін тигізеді деп ойлаймын. Президент идеясын жүзеге асыру мақсатында «Tana» қоғамдық ұйымының бастамасымен, «Qazaqstan halqyna» қоғамдық әлеуметтік қорының қолдауымен БҚО-дағы кітапханаларды жаңғыртып жатырмыз. Ауылдағы ағайын да жанға жайлы рухани орталықта көкжиегін кеңейтеді деген сенімдемін, — деді «Qazaqstan halqyna» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Чинкисбаева.

Аудандық кітапхана заманаи үлгідегі жиһаздармен, кітаптармен толық қамтылып қана қоймай, кітапханалық шараларға арналған бірнеше аймаққа бөлінген. Кітапханада жайлылық кеңістігі, интерактивті алаң, шығармашылық аймақ, іс-шаралар аймағы (абонемент), балалар шығармашылық бөлімі, оқу залы аймағы және конференц залы бар. Кітап қоры да жаңа кітаптармен толықты. Бұл ұлт руханиятын өркендетуге бағытталған инвестиция. Аудан әкімі «Qazaqstan halqyna» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Алтынбекқызы мен «Тana» қоғамдық қорының басшысы Камила Асқарқызына, кәсіпкер, inDrive халықаралық сервисінің негізін қалаушы және бас директоры Арсен Григорийұлына аудан жұртшылығы атынан ризашылығын білдіріп, естелік сыйлық табыстады.

Содан соң ауданымызға жұмыс сапарымен келген   «Qazaqstan halqyna» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Чинкисбаева, басқарма төрағасының орынбасары София Айсағалиева, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, «Тана» қоғамдық қорының басшысы Камила Лұқпанова, кәсіпкер, inDrive халықаралық сервисінің негізін қалаушы және бас директоры Арсен  Томский және аудан әкімі Асланбек Сарқұлов «Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әлеуетін дамыту»  жобасы аясында жабдықталған мектеп-лицейдің жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда елімізде «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасы іске асырылуда, оның ішінде «Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әуелетін дамыту» пилоттық жобасы қолға алынды. Игі бастама Казталов мектеп-лицейінің де тынысын ашып, «Qazaqstan halqyna» қайырымдылық қоры арқылы 250 миллион теңгеге мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, жаңа техникалық, инновациялық және кәсіби бағыттағы арнайы кабинеттер ашылды.

— Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінің нәтижесінде мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, заманауи пәндік және цифрлы кабинеттермен жабдықталды. Сондай-ақ, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету мәселесі де оң шешімін тапты. Жобаға қатысушы мектеп педагогтары цифрлық құзыреттілікті арттыру және кәсіби дамытуға бағытталған арнайы курстардан өтуде. Сонымен қатар Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен, Орал қаласы филиалының Педагогикалық шеберлік орталығыменде бірлескен жұмыстар атқарылуда,  — деді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Әлия Балдахова.

Мектепте қор қолдауымен мектепалды даярлық, бастауыш сыныптар, ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, физика, математика, биология, химия, география информатика, Алғашқы әскери дайындық, технология және спорт зал, акт зал кабинеттері толығымен жабдықталса, жаңадан Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасауға арналған арнайы кабинеттері, «Шаштараз», «Audio студия», «Лингофон», «Мүсіндеу», «Art студия», «STEM», «Телестудия», «Гидропоника» сияқты кабинеттері ашылды.

Аудан орталығындағы «Білім мен шабыт» мекені атанған мектеп-лицей бірнеше инновациялық жобаларды іске асырып, педагогтары мен оқушылары республикалық, облыстық байқауларда жүлдегер атанып келеді. Демек, бұл базалық жаңартудан өткізілген Казталов мектеп-лицейі ұжымының алдында үлкен міндеттер мен жауапкершіліктер тұр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер