Қымбат квадрат. Мәжіліс Алматыда, Алдар Көсенің маңынан АҚШ-қа жер беруге келісті

622
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс АҚШ-қа Алматыдан жер телімін жалға беруді мақұлдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Алматы қаласында АҚШ-тың консулдық мекемесінің ғимаратын салу үшін жер телімін жалға беру туралы келісімге" 2024 жылғы 27 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында қол қойылған. Бұл келісім АҚШ Үкіметіне Алматы қаласында консулдық мекеме ғимаратын салу және пайдалану үшін жалпы ауданы 70 593 шаршы метр (7,05 гектар) жер телімін 49 жыл мерзімге жалға беру мақсатында жасалған", – делінген Мәжілістің ратификациялық заң жобасына берген қорытындысында.

Келісім аясында жер телімін беру тәртібі мен шарттары анықталған.

"Келісімнің 1-бабының 1.4-тармағына сәйкес, көрсетілген жалдау мерзімі мен кейінгі ұзарту кезеңдеріндегі жалдау ақысы $25 301 016 құрайды және келісім күшіне енген күннен бастап 30 күн ішінде бір реттік төлем ретінде төленеді. Сондай-ақ, 3-бапқа сәйкес, АҚШ Үкіметі жер телімі мен консулдық ғимаратқа қатысты кез келген салықтар мен төлемдерден босатылады, тек жалдау ақысын төлеу міндеті ғана қарастырылған", – делінген қорытындыда.

Сонымен қатар, 6-бап бойынша АҚШ Үкіметі консулдық ғимаратты салу, оны күтіп-ұстау, жөндеу, байланыс қызметтері, электр, газ, су және жылумен жабдықтау сияқты коммуналдық қызметтерге жұмсалатын барлық шығындарды өз есебінен өтейді.

"9-бапқа сәйкес, АҚШ тарапы бас мердігер ретінде америкалық компанияны таңдайды. Бұл компания консулдық ғимаратын салу және жабдықтау үшін АҚШ-та өндірілген материалдар мен тауарларды пайдалана алады. Сондай-ақ, консулдық ғимаратты жабдықтауға және жиһазбен қамтамасыз етуге арналған барлық материалдар, құрал-жабдықтар мен тауарлар кедендік баждардан, импорт салығынан және рұқсат алуға қатысты талаптардан босатылады. Келісімді ратификациялау Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және кеңейтуге ықпал етеді", – деп мәлімдеді Мәжілістің төменгі палатасында.

Мәжіліс комитеттері келісімді оң бағалап, оны ратификациялауды ұсынды.

"БҰҰ-ның 74-сессиясына қатысқаннан кейін Мемлекет басшысы АҚШ-тың Алматыда консулдық ғимаратын ашу туралы тапсырма берген болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында 2024 жылғы 27 қыркүйекте Нью-Йоркте АҚШ-қа жер телімін жалға беру жөнінде келісімге қол қойылды. Құжатқа сәйкес, Жамакаев, Алдар Көсе көшелері мен Әл-Фараби, Сейфуллин даңғылдарының арасындағы 70 593 шаршы метр аумақ 49 жыл мерзімге жалға беріледі. Келісім күшіне енгеннен кейін АҚШ жалдау ақысын бір реттік төлем ретінде төлейді. Бұл келісім Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтады", – деді Мәжілісте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер