Белгілі режиссер Осман Синав өмірден өтті

368
Adyrna.kz Telegram

Түркиялық продюсер, режиссер, сценарист Осман Синав 69 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Синав ұзақ уақыт бойы қатерлі ісікпен күресті. Алдын ала мәлімет бойынша, оның өліміне осы ауруы себеп болған.

Осман Синав 1956 жылы Бурдурда дүниеге келген. Ол өмірін өнермен байланыстыруды ұйғарып, Ыстамбұл мемлекеттік өнер академиясына оқуға түседі.

Режиссер көптеген жобасының арқасында кеңінен танымал болды. Көбіне көрерменге 90-жылдардың басындағы "Азапталған», «Қауіпсіз махаббат», «Қызыл махаббат», «Көкжалдар мекені», «Өмір азабы» фильмдер мен телехикаялар арқылы таныс.

Пікірлер