Оңтүстік Кореядағы саяси дағдарыс. Хан Док Су қызметіне қайта оралды

442
Adyrna.kz Telegram
Фото: report.az
Фото: report.az

Оңтүстік Корея парламенті 2024 жылы желтоқсанда импичмент жариялаған Корея Республикасының премьер-министрі Хан Док Су елдің Конституциялық сотының шешімімен қызметіне қайта оралды. Бұл туралы 24 наурызда Yonhap агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, Хан Док Су қайтадан Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы болып, елде әскери жағдай енгізуге әрекет жасағаннан кейін президенттік лауазымынан босатылған Юн Сок Ёльдің орнына келді.

Оңтүстік Корея президентінің кеңсесі Конституциялық соттың шешімін құптап, оның парламенттің өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғанын көрсетті деп мәлімдеді. Хан Док Су өзінің президенттік міндеттеріне қайта оралып, сауда сияқты маңызды мәселелермен айналысуға уәде берді, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

2024 жылғы 3 желтоқсанда Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізілетінін жариялады, бұл шешімді ол «оппозицияның мемлекетке қарсы әрекеттерімен» түсіндірді. Бірақ ел парламенті бұл шешімді мақұлдаудан бас тартып, келесі күні мемлекет басшысы бұл шешімін кері қайтарды. 14 желтоқсан күні парламент Юнға импичмент жариялады.

Осыдан кейін, ел Конституциясына сәйкес, президенттің міндетін уақытша атқарушы үкімет басшысы Хан Док Су болды. Бірақ 27 желтоқсанда парламент оған да импичмент жариялады. Бұл шешімнің себебі – Ханның Конституциялық сотқа Юнның шеттетілгенін ресми түрде бекіту үшін тағы үш судья тағайындаудан бас тартуы болды.

Содан кейін ел президентінің міндетін уақытша Қаржы министрі және премьер-министрдің орынбасары Чхве Сан Мок атқарды.

Қуылған президент көтеріліске жетекшілік етті және билікті асыра пайдаланды деген айыптармен тергелді. Ол үш рет күдікті ретінде жауап алуға келмеген соң, сот оны қамауға алу туралы санкция берді. Қаңтардың 15-і күні күзетшілердің қарсылық көрсету әрекетіне қарамастан Юн резиденциясында қамауға алынды. Президент қамауға алынғаннан кейін Сеулде тәртіпсіздіктер басталды.

7 наурызда Сеулдің Орталық аудандық соты Юн Сок Ёльдің қорғаушысының өтінішін қанағаттандырып, оның тұтқындалған ордерін жойды. Келесі күні 64 жастағы саясаткер қамаудан босатылды. Дегенмен, ол әлі де тергеуде.

Юнға қарсы көтеріліс ұйымдастырғаны үшін тағылған айыптардың соты 14 сәуірде басталады, деп хабарлайды Reuters.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер