Тазару күніне орай «Денсаулық» саябағында сенбілік өтті

463
Adyrna.kz Telegram

Бүгін «Наурызнама» онкүндігіне сәйкес Тазару күніне орай және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Денсаулық» саябағында сенбілік жұмыстары өтті.

Аталған сенбілік жұмыстарына облыстық және қалалық Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері мен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының волонтерлері қатысты. Сенбілік барысында күл-қоқыстар шығарылып, скверлер тазаланды.

Еске сала кетейік, былтырдан бері елімізде «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды түрде жүріп жатыр. Жалпыұлттық жоба жұртшылықтың кең қолдауына ие болды. Әсіресе, жастар, соның ішінде еріктілер ерекше белсенділік танытуда.

Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайдағы сөзінде: «Таза Қазақстан» жай науқан емес екенін мен бірнеше рет айттым. Оның түпкі мазмұны көшені, ауланы тазалаумен шектелмейді. Бұл – ұлттық болмысымызға қатысы бар мәселе, тұтас еліміздің келбетін өзгертетін бастама» - деп атап өтті. Сондықтан, аталған акциялар мен марафондар, тазалау жұмыстары алдағы уақытта өз жалғасын табады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер