Украин әскері қоршауда қалған ба? Зеленский жауап берді

1167
Adyrna.kz Telegram
Фото: Thomas Peter/ Reuters
Фото: Thomas Peter/ Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский украин әскері Курскі облысында қоршауда қалмағанын және өз міндеттерін орындауды жалғастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Зеленскийдің айтуынша, Украина қарулы күштерінің Курскі облысының кейбір аудандарында жүргізген әскери операциясы Ресейдің күштерін басқа бағыттардан алшақтатуға мүмкіндік берген.

"Бұл біздің тактикалық мақсаттарымыздың бірі болды. Ресей әскері өз позицияларын күшейту үшін басқа аймақтардан қосымша күштерін тартуға мәжбүр болды", — деді Украина басшысы.

Сонымен қатар, Зеленский Ресейдің Украина солтүстігіне, Сумы облысына жаңа шабуыл жасауы мүмкін екенін ескертті. Ол халықаралық серіктестерді Ресей президенті Владимир Путиннің жоспарларын ескеріп, тиісті әрекеттер жасауға шақырды.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Путиннен Курск облысында қоршауда қалған украин сарбаздарының өмірін сақтап қалуды сұраған еді.

"Ресей бұл өтінішті орындай алады, бірақ Киев өз әскери күштеріне берілу туралы бұйрық беруі керек", — деп Ресей президенті Путин мәлімдеген болатын .

Зеленский бұл ақпаратты жоққа шығарып, украин әскері Курск облысында қоршауға түспегенін және әскери операцияны жалғастырып жатқанын тағы да растады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер