АҚШ өкілі Мәскеуде Путиннің қабылдауын 8 сағат күтті

1852
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Риа Новости
Сурет: Риа Новости

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Мәскеуде 12 сағат болып, оның 8 сағатын Ресей президенті Владимир Путиннің қабылдауын күтумен өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Стив Уиткофф Мәскеуге АҚШ-тың Ресейге 30 күндік атысты тоқтату туралы ұсынысын жеткізу үшін келген. Бастапқыда оның сапары АҚШ пен Украина арасындағы Сауд Арабиясында өткен келіссөздерден кейінгі апта басына жоспарланған еді. Алайда, Путин күтпеген жерден Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесу өткізіп, Уиткоффтың қабылдануын кешіктірді.

Арнайы өкілдің Путинмен кездесуі жабық есік жағдайында өтті, ал оның нақты мазмұны белгісіз. Sky News басылымы Лукашенконың Мәскеуге келуі мен АҚШ өкілінің күтілуі кездейсоқ емес деген болжам жасайды.

Келіссөздер аяқталғаннан кейін, Уиткофф Мәскеуден бірден ұшып кеткен.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер