Журналистер ұстазы

1214
Adyrna.kz Telegram

Бүгін қазақтың көрнекті жазушысы, журналист, ғалым, педагог Әбілфайыз Ыдырысовтың туғанына 95 жыл толды. 

Ол қазақ әдебиеті мен журналистикасына зор үлес қосқан тұлғалардың бірі.

Әбілфайыз Ыдырысов 1930 жылы Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Егіндісай ауылында туған.

Жазушы, журналист, педагог, тарих ғылымдарының кандидаты. Өзінің еңбек жолын «Қазақстан пионері» газетінің редакциясында әдеби қызметкер ретінде бастап, бас редактор қызметіне дейін көтерілген. Сондай-ақ, радиода, республикалық басылымдарда қызмет атқарып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көп жылдар бойы ұстаздық етті.

Өзінің шығармашылық еңбек жолында 800-ден астам публицистикалық мақалалар, очерктер, оқулықтар, «Қазақ журналистикасының тарихы», «Очерк журналистика жанры ретінде», «Баспа өнімдерін әсемдеу» тағы басқа да пәндер бойынша әдістемелік құралдар дайындады. «Әуезовке – іңкәрлік», «Біртуарлар болмысы» эсселер жинақтары, «Таңшолпан» роман-хикаясы, «Аңсаған менің әнімсің», «Берік», «Мұхамеди» повестері жарық көрген.

Әбілфайыз Ыдырысов 2019 жылы 89 жасында дүниеден озған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер