Тағы бір тұңғыш президент бақилық болды

1633
Adyrna.kz Telegram
Сурет: montsame.mn
Сурет: montsame.mn

17 қаңтар күні 83 жасқа қараған шағында Моңғолияның тұңғыш президенті Пунсалмаагийн Очирбат қайтыс болды. Қаралы хабарды жергілікті БАҚ жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 1942 жылы 23 қаңтарда Завхан аймағында дүниеге келген. Ленинградтағы тау-кен институтының түлегі, техника ғылымдарының кандидаты. Саяси мансабында сыртқы істер министрі, экономика министрі, Ұлы халық хуралының төрағасы қызметтерін атқарды. 1990 жылы Моңғолияның бірінші президенті болып сайланып, елді 1997 жылға дейін басқарды.

Ол өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін саясаттан кетіп, кедейлікпен күресетін коммерциялық емес «Очирбат» қорын құрды. Сондай-ақ Моңғолия Конституциялық сотының мүшесі қызметін атқарды.

Еске салайық, 2023 жылдың 14 қыркүйегінде Молдованың тұңғыш президенті Мирча Снегур өмірден озған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер