Лос-Анджелестегі ірі өрт кезінде Талғар облысы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы, «Хуторский» ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Хасан Қасымбаевтың ағасы Аслан Қасымбаевтың үйі өртеніп кетті. Бұл туралы Qaznews24 парақшасында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, шенеуніктің коттеджі көптеген атақты адамдар тұратын беделді Pacific Palisades аймағында орналасқан.
Айта кетейік, Лос-Анджелесте бір аптадан бері өрт жалғасып, мыңдаған ғимарат қирап жатыр. Күшті желдің кесірінен аумақты шарпыған өртті өрт сөндірушілер әлі толық ауыздықтай алмай отыр.
Еске салсақ, 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынған еді.
Қасымбаев Аслан Нұрғайыпұлы 1982 жылы 13 шілдеде Алматы облысы Кеген ауданы Қарқара ауылында дүниеге келген.
– 1988-1999 жылдары Алматы облысы Кеген ауданы Қарқара ауылында орта мектепті бітіріп, 1999-2002 жылдары Д.А.Қонаев атындағы колледжге түсіп, құқықтану мамандығы бойынша білім алған.
– 2006-2010 жылдар аралығында Орталық Азия университетіне түсіп, заңтану мамандығы бойынша оқыған.
– Алғашқы еңбек жолын 2002-2006 жылдары Атырау облысындағы Тенгиз Шевройл «Паркер Дриллинг Компаниясында» мұнай саласында жұмыс істеген.
– 2006-2007 жылдар аралығында Талғар аудандық жылжымайтын мүлік орталығында инспектор;
– 2007-2016 жылдары Талғар аудандық Әділет басқармасында инспектор қызметін атқарған.
– 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін Талғар ауданының Белбұлақ ауылдық округінің әкімі болып қызмет еткен.
– 2021 жылдан бастап Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы болған, былтыр бұл қызметінен босатылды.