Тоқаев білім беру және балалардың құқықтарын қорғау туралы заңға қол қойды

1551
Adyrna.kz Telegram
Ақорда
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды. Бұл туралы бүгін, 30 желтоқсанда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

Заңның мақсаты — мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстанның заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ құқықтық олқылықтар мен қайшылықтарды жою.

Құжаттағы жаңа нормалардың бірі – балаларды отбасына орналастырудың жаңа формасының енгізілуі. Білім вице-министрі Еділ Оспанның түсіндіруінше, егер бала ата-анасыз қалса, ол бірден интернаттан бұрын, қамқоршы отбасына жіберіледі. Әр балаға сапалы қамқорлық көрсету үшін бір отбасында төрт баладан аспауы тиіс.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер