Ақшұқырдағы оқиға. Ақтау маңына жолаушылар ұшағы құлады

224
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Ақтау маңында, Ақшұқыр елді мекеніне жақын тұста Azal Airlines әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы құлады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қазақстанның Көлік министрлігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, әуе кемесі Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі.

Алдын ала болжам бойынша, ұшақ Бакуден Ресейдің Грозный қаласына бағыт алған.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде жариялануда.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті сөндіру жұмыстарын бастаған.

Министрліктің мәліметінше, апат орнына ТЖМ-ның 52 жеке құрам қызметкері мен 11 техникасы жіберілген.

Оқиға орнына жеткен кезде әуе кемесінің жанып жатқандығы анықталды. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіру жұмыстарын бастап кетті -деп мәлімдеді ТЖМ

Әзербайжандық БАҚ мәліметінше, бортта 67 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған. Сонымен қатар, олар апаттың себебін әуе кемесінің құстармен соқтығысуы деп жазуда.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша ұшақ апатынан алты адам аман қалған.

Пікірлер