Талғар трагедиясы. Енді марқұм Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды

6240
Adyrna.kz Telegram

Талғар маңында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасының денесі табылды.  Бұл туралы бүгін, 9 желтоқсанда Алматы облысының полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Полицейлердің ресми таратқан мәліметіне қарағанда ер адам өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін.

«Марқұм биыл 4 қазанда қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасы екені анықталды. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр», – делінген хабарламада.

Полиция Шерзат Болаттың отбасы қайғылы жағдайдан кейін полицейлердің қорғауында болғанын атап өтті.   

«Осы уақытқа дейін марқұмның отбасына төнген қандай да бір қауіп-қатер тіркелген жоқ. Күзеткен қызметкерлердің түсіндірмелеріне сәйкес, ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да шығып кетіп, жеке автокөлікпен кеткені анықталды. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды»,—деп толықтырды ПД баспасөз қызметі.

Шерзат Болат тарапының адвокаты Саида Тәуекелова марқұмның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың көз жұмғанын растады.

Еске салайық, 16 жастағы Шерзат Болат 4 қазанда дүкен маңында шыққан жанжалдан кейін кісі қолынан қаза тапқан еді. Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша 11 адам қамауға алынды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер