Дональд Трамп дүйсенбі күні кешке АҚШ-тың 47-ші президенті ретінде Ақ үйге алғаш рет келіп, стадионда жақтастарының алдында 9 құжатты бекітті. Бұл туралы ВВС жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
АҚШ президенті Жаңа шешім бойынша АҚШ дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шықты.
Трамп 2021 жылдың 6 қаңтарында Капитолий ғимаратына басып кірген 1600-ға жуық адамды кешіру туралы жарлыққа қол қойды.
Капитолий ісі бойынша Трамптың жақтастары Джо Байденнің президенттік жеңісін мойындамай Капитолийге шабуыл жасап, Вашингтонда тәртіпсіздік ұйымдастырған еді.
«Олар бүгін бостандыққа шығады деп үміттенемін, олар соны күтіп отыр. Шамамен 1500 адам», — деді Трамп.
Сондай-ақ Трамп көтеріліске бастамшы болған әрі шабуылды жоспарлауға көмектесті деген айыппен сотталған әсіре оңшыл Oath Keepers және Proud Boys топтарының 14 мүшесінің үкімдерін жеңілдетті.
Ең ұзақ 22 жыл жазасын өтеп жатқан Proud Boys көшбасшысы Энрике Таррионың адвокаты CBS News-ке оның клиентінің жақын арада босатылуы күтілетінін айтты.
Бұйрық сонымен қатар АҚШ бас прокурорынан әлі сотта қаралып жатқан 300-ге жуық істі тоқтатуды талап етіп отыр.
Еске салайық, кеше, 20 қаңтар күні Дональд Трамп екінші рет АҚШ президенті атанды.