Ақсақ демография. Қазақстан халқының саны 20 млн 243 мың 981 адамға жетті

789
Adyrna.kz Telegram

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 210 139 адамға өсіп, 20 243 981 адамды құрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сүйенсек, республика халқының 12 727 404-і қала тұрғындары, ал 7 516 577-і ауылдық жерлерде тұрады.

Бюроның айтуынша, Қазақстанда 10 353 239 әйел және 9 890 742 ер адам өмір сүреді.

10 айда елде 309 310 бала дүниеге келіп, 110 867 адам қайтыс болған. Табиғи өсім 198 443 адамды құрады.

Көші-қон балансы да оң көрсеткіш көрсеткен. 10 айда Қазақстанға 22 955 адам келсе, 11 259 адам кеткен. Көші-қон сальдосы — 11 696 адам.

«2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, Қазақстанға келгендердің саны 1618 адамға көбейіп, кеткендердің саны 2548 адамға азайды», - делінген Ұлттық статистика бюросының мәлімдемесінде.

Елдегі ең халқы көп қала - Алматы қаласы. Мұнда  2 280 296 адам тұрады.

Бұған дейін, Қазақстан халқының бір жыл ішіндегі өсімі 223 мың 218 адамға артқаны туралы жазған едік.

Пікірлер