Берері мол семинар

737
Adyrna.kz Telegram

2024 жылғы 25 қарашада Жезқазған қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында “Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасы Өңірлік коммуникациялар қызметі” КММ ұйымдастыруымен “Мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінің коммуникациясы және кәсіби стратегиясы” тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинардың мақсаты – өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) азаматтық қоғам институты ретіндегі рөлін арттыру және мемлекеттік органдардың БАҚ-пен және қоғаммен әріптестігін дамыту.

Семинарда лектор ретінде Перизат Құрманқызы Сәдуақас, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Коммуникация бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, “Құрмет” орденінің иегері, ақпарат саласындағы тәжірибелі маман сөз сөйледі.
Тренингтің негізгі бағыттары:
1. Мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі қағидалары, медиа тұтыну және медиа сауаттылық мәселелері;
2. Мемлекеттік органдардағы баспасөз хатшыларының коммуникация дағдыларын дамыту;
3. Сот процестеріне БАҚ-тың қатысу тәртібін және тиімді коммуникация тетіктерін қалыптастыру;
4. Ашық сот процестерін онлайн көрсету тәжірибесі;
5. Брифингтерге жүйелі ақпараттық күн тәртібін қалыптастыру және спикер дайындау тәртібі.

Семинар барысында қатысушылар кәсіби дағдыларын жетілдіріп, өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды. Қатысушылар семинар соңында лекторға сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.
Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға Алғыс хат табысталды.

Пікірлер