Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің бастамасымен “25 қазан - Республика күніне” орай “40 күн той мен ой” жобасы аясында Төлеби және Сайрам аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Асқақтай бер, туған жер!” атты мерекелік концерт өтті.
📋Іс-шараның мақсаты - еліміздегі ұлттық мереке республика күнін жоғары деңгейде атап өту. Жастар арасында аталмыш мерекенің мәні мен маңызын ұғындыру, Отанға, туған жерге деген жастардың сүйіспеншілігін арттыру, сондай-ақ өңіріміздегі өнерлі жастардың шығармашылығын қолдау.
🔹Мерекелік концерттің бағдарламасына сәйкес өңірдің талантты жастарынан құралған жас өнерпаздар өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Төлеби және Сайрам ауданынан келген жас әншілер халқымыздың дәстүрлі әндерін, патриоттық әндерін орындаса, жас жайдарманшылар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
🔹Мерекелік концертті Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Ернар Нұралыұлы ашып, өңір жастарын Республика күнімен құттықтап, жастар тәрбиесіне, мәдениеті мен шығармашылық дамуына қосқан үлестерін атап өтті және жастар саясатын дамыту, ілгерілету жолындағы жұмыстарына толағай табыстар тіледі.
🔹Сондай-ақ маңызды мереке қарсаңында облысымыздың әр өңірінде түрлі салада қызмет атқарып үздік атанып жүрген белсенді жастары ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның, ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетовтың, Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаровтың, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаевтың және Түркістан облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Ернар Бектаевтың алғыс хатымен марапатталды.