Ресейде ашылуы мүмкін қазақ мектептері туралы сөз болды

1214
Adyrna.kz Telegram
Фото: adyrna.kz
Фото: adyrna.kz

Ресей Федерациясының қазақ ұлты көп тұратын Омбы, Астрахань мен Орынбор қалаларында қазақ мектептері салынуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" Ресей сыртқы істер министрлігіне сілтеп.

Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровтың айтуынша, Қазақстан Ресейде үш мектеп ашса, Ресей Қазақстанда да үш мектеп ашатын болатын.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мәдениетінің ошақтарын құруға қатысты мәселелерді қозғаған. Осы тұрғыда бүгін Қазақстанда орыс тілінде білім беру қызметтерін ұсынатын үш бірлескен мектеп құру талқыланды. Қазақстандық әріптестеріміз Ресейдің кейбір қалаларында: Орынбор, Омбы және Астраханьда қазақ тілінде оқытатын осындай бірлескен мектептерге қызығушылық танытты», – деді Лавров.

Лавров Қазақстан мен Ресей тарихына қатысты мәселелердің екі елде де қызу талқыланып жататын атап өтіп, осы мәселеде даулы жағдайларды тудырмас үшін бірлескен тарихшылар тобын құрылатынын айтты.

“Ресей мен Қазақстанда біздің ортақ тарихи өткенімен және қазіргі тарихымен байланысты тақырыптар периодты түрде туындап отырады. Осы ретте, бірлескен тарихшылар тобын құру туралы оң келісімге қол жеткізілгенін атап өткім келеді», - деген болатын Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Астанадағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтында.

Сонымен қатар, Ресейдің сыртқы істер министрі Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты өз ұсыныстарын айтқан еді.

«Ресей көмектесуге ғана емес, нақты ұсыныстарын да беріп үлгерді», – деді Сергей Лавров.

Оның сөзінше, Ресей билігі Қазақстанда АЭС салу мәселесіне арналған референдумның барысы мен нәтижелерін бақылаған. Лавров «Росатом» корпорациясы өзінің барлық біліктілігін ұсынуға және ынтымақтасуға толықтай дайын екенін де атап өтті.

Пікірлер