Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының чемпионы атанды

1677
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/02/7d50887c-fd79-42ab-b5ef-8ac0d8e424d0.jpeg
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстанның хоккейден ерлер құрамасы Жапония құрамасын ұтып, алтын медаль алды. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ақпаратқа сәйкес, ойынның есебі – 5-0. Құрама ойыншылары Андрей Буяльский, Дмитрий Бреус, Роман Старченко мен Кирилл Панюковтер қарсыластың қақпасына дәл тиіп, жеңіске жетті. Айта кетсек, әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған болатын.
Комментарии