Түркия астанасы Анкара қаласында лаңкестік әрекет жасалған. Атыс салдарынан құрбан болғандар мен жараланғандар бары айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Еліміздің Сыртқы істер министрлігінен Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі туралы сұраған едік.
Айта кетейік, 23 қазан күні Түркияның Анкара қаласында әскери ұшақтар мен ғарыш техникасын шығаратын TUSAŞ корпорациясы ғимаратының жанында атыс болды. Теракт салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы 14 адам жарақат алғаны айтылған.«Қаза болғандар мен зардап шеккендердің арасында біздің азаматтар жоқ», - деп жауап берді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended