Президент Республика күнін атаусыз қалдырған Назарбаевтың еңбегі туралы айтты

99
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі туралы айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Еліміз үшін осы басты мерекеде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген еңбегін де атап өтуіміз керек. Ол қазіргі қазақ мемлекеттілігін қалыптастыруда шешуші тарихи рөл атқарды. Оның еңбегі ұмытылмауы керек. Бұл біздің болашағымыз үшін өте маңызды. Қазақтар: «жақсының жақсылығын айт» дейді. Бүгінгі күнді әділ бағалау үшін өткенді де әділ бағалау керек», - деді Мемлекет Басшысы Республика күніне орай мемлекеттік наградаларды тапсыру салтанаты кезінде.

Айта кетейік, Республика күні Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 1995 жылы қазанда мемлекеттік мереке болып жарияланды. Алайда, 2009 жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» қолданыстағы заңға өзгерістер енгізіліп, Республика күні аталып өтілмейтін болды.

Пікірлер