ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеп.
Сапар аясында Қазақстан Президенті екіжақты кездесулер өткізіп, БРИКС-тің «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырысында сөз сөйлейді.
Еске салсақ, 22-24 қазан күндері Татарстан астанасында БРИКС саммиті өтеді. Шараға қатысу үшін қалаға Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Татарстанға келді. Бұдан бөлек Оңтүстік Африка президенті Сирил Рамафоса, Эфиопия премьер Аби Ахмед, Бразилия Сыртқы істер министрі Мауро Виейра бастаған делегация және Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси де ат басын Қазанға бұрған.