Қызымыз аждаһаның апанында қала бере ме?

1667

Қытай түрмесіне түскен қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы осыдан бірнеше күн бұрын фейсбук парақшасында жазба жариялады. Онда "қызым Ақжарқынның ең соңғы шешуші соты 3-қыркүйекте Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтеді" деп жазылған. Оқыдық та тас төбемізден суық суды құйып жібергендей дел-сал күй кештік. Неге дейсіз бе? Себебі қу Қытай шешуші сотқа 1-ақ апта қалғанда хабар берген. Одан бұрын соттың қай күні, қай кезде болатыны ақпарат айдынында айтылмаған.  Қыздың анасымен байланысқанда бұған дейінгі І - сатыдағы сотына әупірімдеп барып-келгенін, кейінгі соттарына қолдың қысқалығынан қызының жүзін көруге шамасы жетпегенін ашына айтты. Анасының жолына 500 мың теңге қаражат керек екен. Ал өзге шығындарын Мемлекет өтейді.  Алайда осы 500 мың теңгені табудың өзі оңай болмайын деп тұр. Себебі экс депуттаттар мен меценаттар көмек беруден бастартты. Атын атап, түсін түстеуден аулақпыз. Әйткенмен халық алдында жылтырап жүрген жұлдыздардың басым көпшілігі  Ақжарқынды танымайтынын алға тартты. Айналасы екі-үш күннің ішінде әлеуметтік желі арқылы оқып, анасының шотына тамшылатып болса да оқырмандар бүгінге дейін 52 мыңның көлемінде ғана қаражат аударды. Бір телефон шалудан соң қазақтың Айгүл есімді қызы 50 мың теңге ақшалай көмек көрсетті. Қысқасы, бас-аяғы 102 000 теңге. Бүгін "Адырна" ұлттық порталының журналистері Ақжарқын Тұрлыбай білім алған Қыздар университетіне де барып қайтты. Қуанышқа орай, қызғалдағымыздың  білім ордасы көмектен бастартпады. Десе де қол ұшын созушылар саны өте аз. Бетін аулақ қылсын, әрине, бір-екі күнде толық қаржы жиналмаса шырылдаған ана Ақжарқынды бұдан былай көрмей кетуі де мүмкін.

Ал Ақжарқынның түрмедегі күндеріне келсек, Қытай Жоғары соты жерлесіміздің спортпен ұдайы айналысып, әдеби кітаптарды үздіксіз оқығаны аздай, маңайындағы жазасын өтеуші қытай азаматтарына ағылшын тілін үйретіп жүргенін тілге тиек етіп, жақсы мінездеме беріп отыр. Үміт пен күдікті серік етіп біз отырмыз. Жоғарыдағы жағдайды ескере келе, 18 млн халықтан материалдық көмек сұраймыз! Көмек бере алмасаңыздар да, дұғада болыңыздар! Тиын-тебен аударамын деушілердің назарына төменде Зухра Сейтимованың банк картасын ұсындық!

 

 

 

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер