Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды

1636
Adyrna.kz Telegram
Сурет: primeminister.kz
Сурет: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ашылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Көпір алты ауданды – Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай жәнеЗайсан аудандарын байланыстырады.

Бүгін, 21 қазанда Көлік министрі Марат Қарабаев премьер-министрге ұзындығы 1316 метр екі жолақты автомобиль көпірінің құрылысы аяқталғаны туралы баяндады. Көпір тәулігіне 80 мыңға дейін көлік өткізе алады, өткелге 18 шақырым жаңа жол тартылды. Жоба озық инженерлік технологияларды қолдана отырып және барлық сапа стандарттарына сәйкес іске асырылды.

«Жаңа көпір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында  салынды. Аймақта тұрғындар 50 жыл бойы жазда не пароммен, қыста тікелей не мұз үстімен жүргенін білесіздер. Құрылыстың салынуын жергілікті тұрғындар ұзақ күтті», — деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер