Трамп McDonald's фастфуд желісінде жұмыс істеді (ВИДЕО)

185
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Reuters
Сурет: Reuters

АҚШ-тағы президент сайлауына Республикалық партиядан түсіп жатқан кандидат, бұрынғы президент Дональд Трамп Дональд Трамп Пенсильвания штатында McDonald's фаст-фуд желісінің қызметкері болып жұмыс істеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Саясаткер Фистервил қаласындағы McDonald's мейрамханаларының бірінде бірнеше порция фри жасады. Жарты сағаттық ауысым аяқталғаннан кейін Трамп журналистермен сөйлесті.

Ол БАҚ өкілдеріне бұл мекемеде жұмыс істеу ұнағанын мәлімдеді. Сондай-ақ экс-президент Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен байланысқанын жеткізді. Израиль билігі АҚШ президенті Джо Байденді тыңдамағандықтан,  қазір қауіпсіз екенін атап өтті.

Одан бөлек, Трамп демократиялық сайлауалды қарсыласы, АҚШ вице-президенті Камала Харристі туған күнімен құттықтап, оған қуырылған картоп таяқшаларын сыйлайтынын мәлімдеді.

Пікірлер