Су тапшылығын көрген тұрғындар митингке шықты

147
Adyrna.kz Telegram
Фото: Azh.kz
Фото: Azh.kz

Атырау қаласының жаңа New City тұрғын үй кешенінің тұрғындары су мәселесіне байланысты митингке шықты, деп хабалайды «Адырна» ұлттық порталы.

2021 жылы пайдалануға берілген бұл кешенде үш мыңнан астам адам тұрады. Жыл бойы су тапшылығын көрген тұрғындар соңғы күндері су мүлдем тоқтап қалған айтты. Ашынған халық биліктен мәселені тез арада шешуді талап етті.

Су тек тұрғын үйлерде ғана емес, жақын маңдағы балабақшада да жоқ. Көптеген ата-ана түстен кейін жұмысын тастап, балаларын үйге алып кетуге мәжбүр. Тұрғындар бірнеше рет мемлекеттік органдарға шағымданған, бірақ еш нәтиже шықпаған.

Әкімдіктің мәліметінше, осы кешеннің үш су көтергіш сорғысының екеуі жазда жер асты суларының көтерілуіне байланысты істен шыққан. Екі сорғы қалпына келтірілген, бірақ орнату кезінде гидроудар болып, олар қайта бұзылған.

Қалалық құрылыс басқармасының басшысы Нұрболат Бүлеков тұрғын үй кешенінде гидроударды болдырмау үшін арнайы блоктар орнатылатынын уәде етті.

Пікірлер